Жұмыс орнында қызметкерлерді орындықпен қамтамасыз етуді міндеттейтін заң қабылданды
|
Мексикада ерекше заң қабылданды. Былай қарасаң, мән беруге тұрмайтын ұсақ-түйек нәрсе болып көрінген мәселе бойынша арнайы заң қабылдау еріккеннен емес, қажеттіліктен туындаған еді. Бұл жайында islam.kz порталы BILD ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыщ заң талаптары бойынша Мексикада жұмыс беруші әр қызметкерді жұмыс орнында орындықпен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл заңға, әсіресе, күні бойы тізе бүкпейтін сауда саласындағы және қызмет көрсету салаларындағы қызметкерлер қуанды. Бұдан былай, кассир, сатушы, т.б. клиенттерге тік тұрып емес, отырып қызмет ете алады немесе отырып жұмыс істемеу мүмкін емес жағдайда арасында жиі үзіліс ала алатын болады. Яғни, жұмыс беруші тарап ұдайы тұрып жұмыс істейтіндер үшін арнайы кесте енгізуі керек. Бұл ережені бұзғандар 13 мың еуроға дейін айыппұл «арқалайды», қайталанған жағдайда инспеция тарапынан қосымша тексеру процедуралары қарастырылған. Тұрып жұмыс істейтіндердің қызмет саласын да денсаулыққа зиянды еңбек жағдайына ензізуді ұйғаратын еңбек кодексіне тиісті түзетулер мен толықтырулар өзге мемлекеттерде әлі күнге қарастырылмаған.