Жүкті болып қалған жасөспірімдерге оқуын үзіп алмауына жағдай жасалды
Жүкті болып қалған жасөспірімдерге оқуын үзіп алмауына жағдай жасалды
4 жыл бұрын 1784 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

1)    Танзанияда мектеп қабырғасында жүріп жүкті болып қалған оқушы қыздардың баламалы білім алуына жағдай жасалады. Африкалық елде жаза басып құрсақ көтеріп қалған оқушы қыздарға мектепке оралуға тыйым салынған. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2022 жылдың қаңтар айында басталатын аталмыш жоба бойынша аяғы ауыр  оқушы қыздар халықты дамыту колледждерінің (FDC) бірінде білім ала алады. Аталған ел аумағында мұндай 54 колледж жұмыс істейді. Мұнжай шешім Бүкіл әлемдік банктің 500 млн долларға бағаланған несие бағдарламасы аясында қабылданған. Бұл қаражат білім алу мүмкіндігін ұлғайтуға бағытталады. Бүкіл әлемдік банк келтірген дерекке қарағанда, Танзанияда жыл сайын 5,5 мың оқушы қыз жүкті болып қалады әрі оларға өздері білім алып жүрген мектеп табалдырыған аттауға тыйым салынған.

2)    Жаңа Зеландияда мектептегі оқушы қыздар әйелдерге арналған тазалық құралдарын тегін алатын болды. Бұл мақсатта аталған ел билігі 18 млн доллар бөледі. Өйткені, ел аумағындағы мектепке менструация (етеккір) кесірінен сабағын жіберіп алатындар қарасы көп – әр он екінші оқушы қыз кедейліктен тампон секілді әйелдер гигиенасы құралдарын сатып алуға шамасы келмейді. Бұл жайында islam.kz порталы BBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Жастар ел тұрғындарының жартысының қалыпты өмірінің бір бөлігіне айналған білім алу мүмкіндігінен айырылмауы тиіс»,- деп мәлімдеді премьер-министр Джасинда Ардерн аталмыш бағдарламаға байланысты. Бұл тарапта елдің 15 мектебінде пилоттық жобалар жүзеге асырылды. Ұяң оқушы қыздар үшін бұл бағдарлама білім алуына жағдай жасады. Тіпті, кейбіреуі әйелдерге арналған тазалық құралдарын қалай пайдалануды да білмейтін болып шыққан.

3)    Шотландия әлем бойынша алғашқы ел – тампон мен өзге де әйелдер гигиенасы құралдарын тегін беруді заң жүзінде бектікен. Әйелдерге арналған тазалық құралдары дәріханаларда, мәдени-спорт кешендерінде, жастар клубында, т.б.  тегін таратылады. Ал мектептер мен жоғарғы оқу орындарының әйелдер әжетханасында мұндай құралдар 2018 жылдан бері тегін беріліп келетінін айта кету керек. Шотландия билігінің мұндай қадамға баруына менструация төңірегінде орын алған қоғамдық пікірді өзгерткен ақпараттық науқан себеп болған. Кедейлікпен күресуді мақсат еткен бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 24 миллион фунт қаражат бөлінген. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Британиялық қыз-келіншектер айына орташа есеппен әйелдер гигиенасы құралдарына 13 фунт жұмсайды. 2017 жылғы сауалнама нәтижесі көрсеткендей, әрбір оныншы әйел мұндай құралдарды сатып алуға шамасы келмейтін болып шықты. «Әжетханаларда тегін қойылатын дәретхана қағазы қажеттілік те әйелдер гигиенасының заттары неге тегін емес? Табиғи нәрсеге қаржы талап ету әділетсіздік қой»,- деп мәлімдеме асаған болатын Шотландия парламентінің мүшесі Элисон Джонстон осынау заң жобасына талқылау кезінде. 

0 пікір
Мұрағат