Жириновский терроризмді ақтап сөйлегені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін (видео)
|
Аты-шулы депутат Владимир Жириновский аузынан қағынып, Еуропадағы терактілердің Ресей үшін пайдалы екені жөнінде мәлімдеме жасады. Санкт-Петербордың заң шығару орнының депутаты Борис Вишневский осыған байланысты Ресей Федерациясының Тергеу комитетіне жанжалмен аты шыққан Жириновскидің үстінен шағым түсірген. Бұл жайында «Росбалт» ақпарат көзі хабар таратты. Борис Вишневскидің айтуынша, оның бұл мәлімдемесі РФ Қылмыстық кодексінің 205.2 бабында қарастырылған «Террористік әрекетке шақыру немесе терроризмді көптің көзінше ақтауға жария түрде шақыру» болып табылады. Наурыз айының 22-сі күні Брюсселде орын алған терактілерге байланысты Жириновский: «Еуропада терактілер жүріп жатыр және әлі де болады. Бұл бізге пайдалы. Олар өмірем қапсын. Не күтіп отырсыздар? Олар бізге келіп жалынсын, бізден көмек сұрасын», - деп қойып қалған болатын "Россия" телеарнасынан берілетін "Владимир Соловьёвпен жексенбілік жүздесу» деп аталатын бағдарламада.