Жиіркенішті әдет жеңістік бермей барады
Жиіркенішті әдет жеңістік бермей барады
10 жыл бұрын 4345

Естімеген елде көп, Таиландта «үшемнің» қылығы, дәлірегі, үш бозбаланың бір-біріне үйленуі туралы ақпарат күллі әлемге жай оғындай тез тарап кетті. Нақтырақ айтқанда, Утхайтхани провинциясында 21 жастағы Белль, 26 жастағы Арт және 29 жастағы Джойс есімді үш жігіт өздерінің бас қосқандарын жария еттті. Алайда, некелерін қидыруға заң кедергі болып отыр екен. Бір жыныстылардың бас қосқаны туралы естіп едік, енді екеу болып емес, үшеу болып «шаңырақ көтергеніне» де етіміз өліп кететін болды. Алғашқыда бір жыныстылардың «махаббаты» туралы естіп, бір таңырқасақ, олардың «неке қидыратынын» естіп, тағы таңқалдық. Бұған да етіміз өле бастағандай еді, енді «үшем» шықты. Жығылып жатып, сүрінгенге күлеміз-ау, әйтпесе, еліміздің Степногорск қаласын ЛГТП «астанасына» айналдыру туралы ақпарат өткен жылдың жазында елді алатайдай шулатқан жоқ па еді. Жаман әдет жұққыш келеді, індет секілді тез тарайды, алайда, ақпарат заманында оны тағы жасырып-жаба алмайсың.

 

Қаңғыбас жасөспірімдер арасында қызткелер көбейіп барады

АҚШ-та үйсіз-күйсіз қаңғып жүрген жасөспірімдер арасында геи, лесбиянка, бисексуал немесе трансгендер қаптап кеткен. Бұл тенденция ел билігін алаңдатып отыр. Қаңғыбас жасөспірімдердің денін үйінен осындай ұрлығы әшкере болғаннан кейін кеткендер құрайды. Би-би-си ақпарат көзінің түсііру тобы Детройт қаласында болып, ЛГБТ қауымдастығы құрған үйсіз-күйсіздерге арналған қайырымдылық қорында болып, арнайы хабар таратты.

 

АҚШ әлемде ЛГБТ құқықтарын қадағалайтын елшісін ашпақшы

«Бір апам бар, одан өткен сорақының» керін келтірген АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ел тарихында тұңғыш рет ЛГТП құқығын қорғаумен айналысатын арнайы елшісін тағдайындайтын болды. Елшінің есімі де белгілі болды – Рэнди Берри. «ЛГТП мүшелерінің құқықтарын қорғау және кеңейту – ғаламдық ауқымда адам құқығын кеңейту бағытында атқарылатын науқанның негізгі ұстыны»,- деп мәлімдеді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри осы шараға байланысты сөйлеген сөзінде. «Біз әлемнің түрлі елдерінде бір жыныстылардың төсек қатынасын қылмысқа телитін заңдардың күшін жою бағытында жұмыс істейміз», - деп соқты сабазың. Ал аталмыш департаменттің өкілі Джен Псакидің айтуынша, мұндай заң әлемнің 70-тей елінде бар көрінеді.

P.S. Елімізде жасырын, жабық тақырып болғанымен біздің қоғамда да ЛГТП өкіілдері барын мойындауымыз керек. Айрандай ұйып отырған қоғамды іштен сүттей ірітетін бұл жат құбылыс бір жағынан, сыбайлас жемқорлық секілді әлеуметтік дерт болып табылады. Алайда, оған тек әлеуметтік дерт ретінде ғана қарау жеткіліксіз, бұл мәселеге концептуалды тұрғыдан келу керек. Қоғам тәніне жара болып түскен бұл мәселеге тән физиолигиялық, саяси, т.б. факторларды ескере отырып. Сорақысы, сыбайлас жемқорлыққа кеңінен жол ашып отырған командалық аурудың бір тұсы осындай жат құбылысқа барып тірелгенін аңғару қиын емес. Жуырда Ұлыбританияның құпия қызметіндегілердің көбісінің қызтекелер болып шыққаны туралы ақпарат жарық көрген еді. Қызтекелер өздерінің осал жерін білетіндіктен құпияға берік келетіні туралы жаңсақ көзқарас қалыптасқанын да жасыруға болмайды. Айтайын дегеніміз, бұл да ақырзаманның жаақын қалғанын білдіретін бір белші. Ақырзаманның алғашқы белгісі – Ақырғы пайғамбардың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) келуі десек, Оның (с.а.с.) ақырзаман пайғамбарының күллі адамзатқа жіберілгендігіне тағы мынадай дәлел келтіруге болады: Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) дейін келген пайғамбарлар әр қауымға жіберілген. Әр қауымда түрлі жат әдет етек алған кезді. Мәселен, қасиетті Құранда сөз болатын Лұт пайғамбарының қауымында азғындық пен арсыздық, яғни, ер адамның ер адамға артылуы секілді жаға ұстатар жат әдеттің етек алып, ен жайылғаны белгілі. Немес өзге пайғамбарды алайық, біреуінде – зинақорлық, біреуінде – өсімқорлық, тағы солай кете береді. Қазір осы арсыздықтардың бәрі болып жатыр. Мұны енді ешкім өтірікке шығара алмаса керек-ті.

 

Өзі үшін бала табу сәнге айналып барады

Заңды түрде немесе шариғат бойынша некеге тұрмай өзі үшін бала табу да зинақорлықтың бір түрі. Оған мәжбүрліктен барды (мәселен, оң жақта отырып қалды, жігіт қарамады, кемтар болып қалды, т.б.) деген күннің өзінде бәрібір қылмыстың аты – қылмыс. Қалай өңін айналдырсаң да. Бұл мәселе де ушығып бара жатыр. Нақтырақ айтқанда, өзі үшін бала табу сәнге айналды десе болады. Жуырда Ресей Федерациясында әйелдер форумында бұл мәселе жан-жақты сөз болды. Жалғызбасты әйелдер мінезін өзгерткісі келмейтінін, яғни, серігімен тіл табысуға тырыспайтыны ең басты себеп екен, екіншіден, тұрмысқа шығу, отбасын құру – өткеннің сарқыншағы, ескіліктің қалдығы болып саналады екен. «Іздегенге – сұраған» дегендей, канадалық ғалымдар жуық арада әйелдер күйеусіз перзент сүю мүмкіндікіне ие болатиынын айтып, ақ жаулықтылардың құлақтарын түріп қойды. Яғни, жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы. Ал АҚШ-та күйеуге шықпай перзент сүйген 35-45 жас аралығындағы жалғызбасты әйелдер саны артып келеді. Олардың уәжі мынадай: «Заңды некеге отырып, бала тауып, аартынан күйеуіңнен ажырасу – басы артық әуре. Мұндай штамп кімге керек, бәрібір ары кетсе, жарты жылдан кейін бір-біріңнен суып кетесің. Тұрмыс құру үшін күйеуге шығу – барып тұрған ақымақтық. Мұндай «жасандылық» бәрібір түбінде жалғыздыққа ұрындырады»,- деді психолог Наталья Панфилова. Әйелдердің көбісі қартайғанда қараусыз, қамқорлықсыз қалмау үшін бала табатынын мойындаған. Ал кейбіреулер баланы ер адамды ұстап тұратын құрал көреді. Бұл мәселеде жеке басының қалауын қаржылық жағдайға байланысты құрбан ететін әйелдер де бар көрінеді. «Басы бос әйел күйеуге тиген әйел секілді бір ғана себеппен, яғни, аналық инстиктісін орындау үшін бала табады», - деп есептейтіндер бар болып шықты. Сарапшылардың сөзіне қарағанда «заңсыз туған бала – тамыры жоқ, қоғаммен байланыстыратын дәстүрден жұрдай өнім». Мұндай баланың болашағы бұлыңғыр келеді. Әрі мұндай бала жаны жарымжан болып өседі. Балалық шақтың дәмін татыып үлгермей жатып, өмірге ерте араласуына тура келеді. Бәрібір сүрінгенде қолтығынан демейтін асқар таудай әкенің орны бөлек..Күйеусіз бала тапқан әйел ертең материалдық жағдайы нашарласа, бала жұмысқа жегіледі дегендей. Оның толыққанды білім алу неғайбыл. Міне, форумды осындай келелі мәселелер жан-жақты талқыланды.

0 пікір
Мұрағат