Жесір неге жылады?
Жесір неге жылады?
8 жыл бұрын 3027

Малайзияда депутат болған күйеуін жер қойнына берген жесір әйелдің төңірегінде дау туындады. Тарқатып айтқанда, малай қоғамын 55 жасында «сыңарынан айырылып» жесір қалған Мастуре Язидке қатысты Фатхул Бари есімді 35 жастағы ислам ғұламасының талабы елең еткізген болатын. Нақтырақ айтқанда, Мастуре Язидтен күйеуінің топырағы кеппей жатып, яғни, шариғат бойынша белгілі бір мерзімде (күйеуі қайтыс болған күннен 4 ай, 10 күн өтпей) үйінен шықпай қара жамылып, артын күтуін (идәәт мерзімін) талап еткен еді. Жесір қалған әйелдің саяси белсенділігі жоғары: сайлауалды науқанға араласа алмайтын болды. Еуропалық жоғары білімі бар заңгер, 4 баланың анасы ұшақ апатынан қаза тапқан күйеуінің орнына үміткерлікке ұсынылған болатын. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Free Malaysia Today» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Десе де мынаны айта кету керек, жас ғалымның бұл талабын малай қоғамы қабылдай алмады.

1 пікір
Мұрағат