Жерленген бойжеткен қабірде жатып көмек сұрады
Жерленген бойжеткен қабірде жатып көмек сұрады
9 жыл бұрын 7924

Орталық Америкада орналасқан Гондурас республикасында ата-анасы, туған-туысы өліп қалды деп көмген 16 жастағы Нейси Перестің күйеуі бір күннен кейін марқұм келіншегінің көрде жатып көмек сұраған дауысын естіген.

Бұл туралы nur.kz порталы The telegraph ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Туған-туысқандары Нейси Пересті қайта қазып алған сәті көрсетілген жантүршігерлік видеоны ұсынған.

Дерек көзіне сүйенсек, Нейси Перес жуырда тұрмысқа шыққан және құрсағында үш айлық нәресте көтеріп жүрген. Нейси тұратын ауданда атыс болса керек, ол оқтың дауысынан шошып, есінен танып қалған.

Оның аузынан ақ көбік ағып жатқанын көрген ата-анасы қызының бойына «жын-шайтан» кіріп кетті деп ойлап, шіркеу қызметкерін көмекке шақырады. Бірақ үш сағаттан кейін дәрігерлер Нейси Перестің жүрегі тоқтағанын айтады. Қайғы жұтқан отбасы жуырда ғана тұрмысқа шыққандықтан, Нейсиді ақ көйлек киген қалпында жерлейді.

Жерлеуден кейін 24 сағат өте әйелінің көріне қайта барған Руди Гонсалес оның айқайлап, көмекке шақырған дауысын естиді.

«Мен оның дауысын естідім, ол көрді ұрғылап, көмекке шақырды», – дейді ол.

Көрді қазған шіркеу қызметкерлері мен қыздың туған-туысы Нейсидің денесі жып-жылы күйінде жатқанын және көрдің бір шетіндегі шынының сынғанын көріп, өздері естен тана жаздаған. Оны жедел түрде ауруханаға жеткізгенмен, Нейси қайтадан көз жұмды.

Дәрігерлер болса, Нейси бірінші рет «өлген» кезде, қатты қорыққаннан жүрегі уақытша тоқтап қалғанын, ал көрден қайта шыққан келіншек расымен енді өмірге келмейтінін айтып, ата-анасына көңіл айтқан. Туған-туысы Нейси Пересті екінші рет жерлеген.

0 пікір
Мұрағат