Жері тар, халқы кедей елдің адамгершілігі әлем қауымдастығына үлгі
Жері тар, халқы кедей елдің адамгершілігі әлем қауымдастығына үлгі
16 күн бұрын 424 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халқының саны жағынан әлемдегі ең ірі елдердің (175 млн тұрғыны бар!) бірінен саналатын, Азия құрлығының оңтүстігінде орын тепкен, жер көлемі шағын (148 460 шаршы шақырымнан аспайды, бір шаршы шақырым аумағы 1120 адамнан келетін), Бенгал шығанағынан өзге тек екі елмен, атап айтқанда, Үндістанмен және Мьянмамен шектесетін Бангладеш халқының 90 пайыздайы мұсылман, тек он пайызы ғана үнділердің наным-сенімде. Жылда қараша айының орта шенінде аталған елде күріш жиын-терін науқаны басталады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биыл жергілікті шаруалар мен дихандар жан басының көптігіне қарамастан күріштің бір бөлігін өз елінде (Мьянма) азшылықты құрағандықтан тепкі көріп, қуғын-сүргін көріп келген рохиниялық мұсылман босқындарға бермек болып шешім қабылдапты. Қазіргі уақытта Бангладеш аумағында шамамен 1,3 млн рохиниялық босқын тұрып жатыр. Халықаралық көмек 2021 жылдан бері қысқарып келеді. Біріккен Ұлтттар Ұйымы тарапынан келетін жәрдем олардың тек үштен бір қажеттілігін қанағаттандыруға ғана жетеді. Босқындарға қолұшын созу үшін бангладештіктер қыркүйек айында күріш астығының алғашқы жиын-теріні аяқталғанда өтетін жыл сайынғы Набанна фестивалінде осындай шешім қабылдаған екен. Осы айтулы шара кезінде рохиниялық босқындарға 400 тонна күрішті бангладештіктер бала-шағасының «аузынан жырып» беретін болды. Халықаралық көмектің кемігені соншалық (бұрын бір босқынға айына 12 доллар болса, қазіргі уақытта 6 доллардан аспайды) рохиниялық босқындардың халі сын көтермейтін деңгейге жетіп еді.

0 пікір
Мұрағат