Жердің шындығында қанша мұздан айырылатынын ғалымдар көрнекі құралдармен көрсетіп берді (видео)
Жердің шындығында қанша мұздан айырылатынын ғалымдар көрнекі құралдармен көрсетіп берді (видео)
3 жыл бұрын 1796 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық ғарыш агенттігінің ресми сайтында жер планетасының шындығында қанша мұздан айырылғанын «тайға таңба басқандай» етіп көрсететін видео жарияланды. Бұл тарапта аталған ғарыш агенттігі спутниктерінен алынған деректер пайдаланылған. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылыну қарқын алған сайын мұздақтардың еруі соғұрлым шапшаң жүреді. Жасанды жер серігі адам қолы жете бермейтін, дәлірегі,і адам аяғы тимеген жерлердегі климаттық, ландшафтық, т.б. өзгерістерді қадағалауда маңызды рөл ойнайды. Ғалымдар бұл бағытта 40 жыл бойы спутниктердің көмегіне жүгініп келеді. Жердегі мұздақтарды жер бетінен 815 шақырым биіктіктен Sentinel-3 спутнигі қадалайды. Ол мұздың жағдайын 10 сантимтерге дейін дәл анықтай алады. Мәселен, Арктикадағы мұздақтар мен мұз қалқандарының, тоң боп қатқан аймақтарға қатысты жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, жыл сайын трлн тоннадан аса мұз еритіні белгілі болды. Түбі ғаламдық апарып соқтыратын бұл құбылыстың алдына алу үшін ауа температурасын көтерілу межесін Цельсия бойынша 1,5 градустан асырмау керек.

0 пікір
Мұрағат