Жердегі су қоры таусылып барады. Оның тақсіретін алғашқы болып тарттын елдер аталды
Жердегі су қоры таусылып барады. Оның тақсіретін алғашқы болып тарттын елдер аталды
5 ай бұрын 1230 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға таман жердегі сегіз негізгі су бассейні толығымен дерлік таусылады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі 21 ғасырдың орта шенінде планетаның жерасты су қорының едәуір бөлігі таусылуы мүмкін екенін көрсетіп берді. Зерттеушілер климаттық дағдарыстың аптап ыстық толқындарының, құрғақшылықтың және орман өрттері жиілігінің күшеюінен тереңдеп келе жатқанын ескертті. Сонымен қатар, адамзат жер қойнауындағы суды белсенді пайдалануға көшкен, бұл жайт өз кезегінде өмірлік маңызды ресурстардың сарқылу қаупін тудырады. Тынық мұхитының солтүстік-батыс ұлттық зертханасының тобы жүргізген зерттеу келесі 25 жыл ішінде сегіз негізгі су айрығының 98%-ға таусылуы мүмкін екенін көрсетті. Аталмыш зерттеу жетекшісі Хасан Ниязи Америка құрама штаттарының қазірдің өзінде су дағдарысының «белортасына» келгенін айта келе жерасты суларының көп бөлігі осы ғасырдың орта шенінде таусылатынын алға тартып отыр. Жерасты суларының сарқылу себептеріне ауызсу ретінде пайдалану, ауыл шаруашылығының қажеттіліктерін өтеуге, дәлірегі, егістік алқаптарын суаруға және басқа да мақсаттарға суды шамадан тыс пайдалану жатады. Қазіргі уақытта АҚШ күн сайын шамамен 80 миллиард галлон суды сорып алады. Мұндай тұтыну деңгейінде су қоры табиғи түрде қалпына келмеуі мүмкін. Мұның апатқа бастайтын техногендік салдарын айтпаған күннің өзінде су бағасының шарықтап көтерілуіне, бұл жайт өз кезегінде азық-түлік бағасының артуына ықпал ететінін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат