Жер тұрғындарының 95 пайызы лас ауамен демалады (фото)
Жер тұрғындарының 95 пайызы лас ауамен демалады (фото)
7 жыл бұрын 2987 Алтынай Қуанышбек

Жер тұрғындарының 95 пайызы лас ауамен демалады, ал кедей елдің азаматтары бәрінен де қатты зардап шегуде. Жаңа зерттеу туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Денсаулыққа әсер ету институты (HEI) жариялаған жаһандық ауа жағдайы туралы жаңа есеп бойынша, 2016 жылғы ауа ластануынан әлем бойынша 6,1 млн адам қаза тапқан. Яғни, лас ауа салдарынан адамдар инсульт, жүрек талмасы, өкпе обыры, өкпенің өзге де асқынған аурулары сияқты дерттерге шалдығып, көз жұмған. Сондай-ақ, есепте ауа әлемдегі адамдардың өміріне тікелей әсер етіп, қауіп төндіре алатын төртінші факт ретінде бағаланған. Алғашқы үш фактіге қан қысымы, темекі және диета жатады екен.

«Ауа ластануы әлем бойынша төніп тұрған қатер, респираторлы дертке шалдыққандар үшін аса зиян. Ерте өлімге себеп болуы мүмкін. Біз хабар беріп отырған тенденциялар кейбір мемлекетте белсенді түрде дамуда, алайда қатерлі проблемалар әлі де болса сақталып отыр», - деді Денсаулыққа әсер ету институтының вице-президенті Боб О'Киф.

Ұйым берген есеп бойынша, Қытай мен Үндістан - жаһандық ауа ластануынан қаза тапқандардың 50 пайызы өмір сүретін мемлекеттер. Үндістанда 2016 жылы ауа ластануынан ерте қайтыс болғандар саны 1,1 млн-ға жеткен. Қытай соңғы жылдары ауа тазарту үшін көптеген әрекет жасап жатқаны есепте айтылған. Ал Пәкістан, Бангладеш, Үндістан елдері 2010 жылы ластану бойынша алғашқы орындарға ие болыпты.

Есепте сондай-ақ үйлерін қолмен жылытатын, қатты отын пайдаланатындар саны да ескерілген. 2016 жылы 2,5 млрд адам, яғни, әрбір үшінші Жер тұрғыны қатты отынды пайдаланған. Оған көмір мен ағаш жатады. Яғни, үйдің ішіндегі ауаның құрамы аталған отындардан өзгереді.

Лас ауамен демалып, денсаулығына зардап тигізгендердің басым бөлігі Азия және Африка мемлекеттерінде өмір сүреді. 2017 жылы сәуірде Дүниежүзілік Heatlh ұйымы 5 жасқа дейінгі балалар арасында қоршаған орта ластануынан қаза тапқандар саны 1,7 млн-ға жетті деген ақпарат таратқан болатын.

 

 

 

0 пікір
Мұрағат