«Жендеттеріңнің әрекетін қайталамаңдар!»
|
Израилдің басқыншылық саясатының кесірінен әлемнен оқшауланып қалған, яғни, блокадада қалып қойған Газа секторының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында «Бостандық флотилиясы» жолға шықты. Осыған байланысты Ресейдің қоғам қайраткері, тілші Максим Шевченко Израил билігіне үндеу тастады. Онда гуманитарлық керуеннің жолын бөгеп, түрлі тосқауыл қоймауға шақырған. YouTube-дегі видео-үндеуінде ол Газа секторының басындағы жағдайды осы заманның бетіне түскен шіркеу, израилдіктердің арына түскен қара таңба ретінде бағалап, әлемнен оқшауланып қалған палестиналықтарға көмекке асыққан флотилияны желеу етіп, керуен кемедегі белсенділердің өміріне және денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды. Сондай-ақ. Ол үндеуінде ұлттық артықшылыққа негізделген идеологияның түбі жақсылыққа апармайтынын ескертіп, израилдіктердің есіне өздерінің де кезінде нацистік фашитердің құрбаны болғанын салып, олардың жиіркенішті әрекетін қайталамауды талап етті. Осылайша екінші дүние жүзілік соғыс кезінде гестапоның қудалауына ұшырап, миллиондап қырылғанын еске салу арқылы олардың бүгінгі ұрпағынан тәубесінен жаңылмауды сұрады. Ол еврейлерді де, мұсылмандарды да, христиандарды да қара бұлттай төніп келе жатқан терроризм, экстремизм секілді жаһандық сипат алған қауіп-қатерге бірігіп қарсы тұруға шақырды. Естеріңізге сала кетейік, бұл «Бостандық флотилиясы» осымен жетіншісі болып табылады.2010 жылдың мамыр айының 31-і күні түріктердің «Бостандық флотилиясына» израилдік әскерилер шабуыл жасап, нәтижесінде Түркияның он құқық қорғаушысы қаза тапқан еді.