Жеке мәліметтерді сақтау талабын бұзғандарға жауапкершілік күшейтілді
Жеке мәліметтерді сақтау талабын бұзғандарға жауапкершілік күшейтілді
3 жыл бұрын 986 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Республикасының қылмыстық кодексі мен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қолын қойды. Осыған байланысты аталған елде жеке мәліметтерді сақтау талаптарын бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Цифрландыру дәуріне аяқ басқан әлем қауымдастығы жеке мәліметтерді қорғаудың өзектілігіне байланысты тек технологияға ғана иек артып қоймай, сонымен қатар, заңнамалық тетіктерге де жүгініп жатыр. Бұл тарапта өзбек билігі техникалық құралдар мен мәліметтер базасында жеке деректерді жинау, жүйелеу және сақтау бойынша қабылданған талаптарды бұзғандарға жазаны қатаңдату тетіктерін қолдануды ұйғарып отыр. Дәлірегі, ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет желісін пайдалана отырып, азаматтардың жеке деректерін өңдеу кезінде Өзбекстанда орналасқан техникалық құралдар мен мәліметтер базаларында дербес деректерді жинау, жүйелеу және сақтау талаптарын сақтамау айыппұл салуға әкеп соғады: азаматтарға – 1 мон 890 мың сом немесе 175 доллар; ал лауазымды тұлғаларға - 13 млн 500 мың сом немесе 1300 доллар. Қылмыстық кодекске енгізілген бұл бағыттағы түзетуге сәйкес мұндай жағдай бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері бірнеше есеге өседі - 40 млн 500 мың сом немесе 3700 доллар, бұған қоса, 3 жылға дейін бұл саладағы құқығына шектеу енгізіліп, 2 ылға дейін түзету жұмыстарына жегіледі.

0 пікір
Мұрағат