"Жедел жәрдемге" жол бермегендер 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
|
Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының заңнама жөніндегі комитеті төменгі палатаға медициналық жедел жәрдемге кедергі келтіргендерге, соның ішінде, "жедел жәрдем" көлігін өткізбегендерге қылмыстық жауапкершілік қарастыратын заң жобасын қабылдауды тапсырды. Бұл жайында regnum.ru ақпарат көзі хабар таратты. Аталған елдің қылмыстық кодексіне ішінара өзгерістер енгізілуі мүмкін. Аталған мәселе бойынша, Яғни, РФ Қылмыстық кодексіне жедел медициналық жәрдем жұмысына қасақана кедергі келтіргендер үшін арнайы бап енгізілмек. Егер бұл бап енгізілетін болса РФ Қылмыстық кодексіне, онда ең аз дегенде айыпкерге (кінәсі дәлелденген жағдайда) 80 мың рубль айыппұл салынбақ немесе айыпталушының кесірінен науқас өліп кетсе, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырмақ. Я болмаса екі ылға дейін мәжбүрлі түрде жұмысқа жегіледі.