Жедел жәрдем дәрігерлері қызмет көрсетуден қорқады
Жедел жәрдем дәрігерлері қызмет көрсетуден қорқады
10 жыл бұрын 3144

Мәскеу мегаполисіндегі пациенттердің кейбір қылықтары мен әрекеттері жедел жәрдем дәрігерлерінің өміріне қауіп төндіруде. Бұл жайында  «Известия» басылымы хабар таратты. Мәселен, ішкіштер, нашақорлар және ұрылар дәрігерлердің денсаулығына зақым келтіріп, өмірлеріне қауіп төндіреді. Өздеріне көмекке ұмтылған дәрігерлерге тап беру, жарақаттау, т.б. тосын әрекеттері Мәскеу думасының депутаттарының басын қатыруда. Дәрігерлердің бастамашыл тобының жетекшісі Юлия Нестерованың айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлерін мұндай шабуылдардан заң тұрғысынан қорғау қажет. Яғни, дәрігерлердің қолына электрошокер ұстатып, бастарына каска кигізуі қажет. Өздерін агрессивті пациенттерден қорғау үшін. Біреуді қорғау үшін көмекке ұмтылған дәрігерлердің бастарын қатерге тігуге мәжбүр болып отырғанын жеткізді артынша. Егер дәрігерлердің бұл ұсынысы ескерілсе, осы мәселеге қатысты заң жобасы федералды деңгейде дайындалып, мемлекеттік думаның қарауына берілетін болады.

0 пікір
Мұрағат