Жазатайым түсік тастаған немесе шаранасы құрсақта шетінеп кеткен әйел мен күйеуіне ақылы демалыс берілетін заң қабылданды
Жазатайым түсік тастаған немесе шаранасы құрсақта шетінеп кеткен әйел мен күйеуіне ақылы демалыс берілетін заң қабылданды
4 жыл бұрын 3014 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландияда бала көтерген аяғы ауыр әйел жазатайым түсік тастаса немесе шаранасы құрсақта шетінеп кетсе, оған және оның күйеуіне ақылы демалыс беруді қарастыратын заң қабылданды. Жаңа Зеландия мұндай заңды Үндістаннан кейін қабылдап отырған әлемдегі осымен екінші ел. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талаптарына сай осындай жағдайға ұшыраған ерлі-зайыптылар үш апта ақылы демалысқа жіберіледі. Осылайша мемлекет тарапынан олардың қайғысын бөлісудің өзіндік оралғысын қалыптастырып отыр. Осынау бастаманы көтерген Лейбористер партиясының атынан сайланған депутат Джинни Андерсеннің айтуынша, бұл заң нормалары шарана дүниеге келгенде асырап алуға ниет еткен ата-аналарға, соның ішінде суррогаттық жолмен балалы болғысы кеелтіндерге де қатысты қолданылады. Осылай деген ол сөзінің соңында Жаңа Зеландиядағы жүкті әйелдердің әрбір төртіншісі түсік тастайтыны турасында дерек келтірді.

0 пікір
Мұрағат