Жаяу жүрген адамдарға 1 млн-ға дейін сыйақы беріледі
Жаяу жүрген адамдарға 1 млн-ға дейін сыйақы беріледі
4 жыл бұрын 2416 Жанат Қапалбаева

Өзбекстанда халықтың денсаулығын сақтау және аурудың алдын алуға ерекше мән беріліп, «Салауатты өмір салты» атты жаңа платформа құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

Таяуда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің жаңа жарлығы шықты. Онда салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту және күнделікті шынығуға қатысты бірқатар мәселелер көтерілген.

Атап айтқанда, халық арасында күнделікті жаяу жүру мен жүгіруді насихаттау үшін қаржылай сыйлық беру қолға алынбақ.

«Салауатты өмір салты» платформасында 18 жастан асқан Өзбекстан азаматтарының электронды әмиянына белгілі бір көлемде қаржы салып отыру, сол арқылы халықты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру көзделіп отыр.

Бір тәулікте 10 мың және одан көп қадам жаяу жүрген адамға 3 мың сумға дейін төленеді. Бір айда әр аудан мен қалада ең көп жаяу жүргендерге - 300 мың сумнан, әр өңірде ең үлкен қашықтықты жаяу жүріп өткен адамға - 500 мыңнан, республика бойынша ең көп жаяу жүрген азаматқа - 1 миллион сум көлемінде сыйлық беру жоспарланған.

Жарлықтың мәтінімен мына сілтемеде (http://uza.uz/ru/posts/o-merax-po-shirokomu-vnedreniyu-zdorovogo-obraza-zhizni-i-dalneyshemu-razvitiyu-massovogo-sporta) толық танысуға болады.

0 пікір
Мұрағат