«Жауыңды жеңгің келсе, сырын біл, сырын білу үшін тілін біл»
|
Үнді билігі шекарашыларына қытай тілін үйренуге пәрмен берді. Үнді билігі мұны Қытаймен ықтимал әскери қақтығыс кезінде пайдасын тигізетін стратегиялық шара ретінде қарастырып отыр. Бұл жайында The Global Times ақпарат көзі хабар таратты. Әзіргі осы мақсатта Үнді-тибет шекарасының 25 қызметкерін қытай тілін үйрену курсына жібермек. «Қытай білі мен мәдениетін меңгеру өз кезегінде үнді шекаралық аумақты бақылауға алуға көмектесетін стратегиялық дайындық»,- деп мәлімдеді қытайлық әскери сарапшы Сун Чжунпин. Естеріңізге сала кетсек, кезінде хабарлағанымыздай, Үндістан мен Қытайдың арасында жер дауы бар – Доклам таулы қыраты даулы аймаққа жатады. Өткен жылдың тамыз айында Қытай билігі қырат үстіне автожол төсемек болып, екі елдің шекарашылары қарулы қақтығысқа жол бере жаздаған еді. Тек өзара келісім арқылы бұл қарулы қақтығысты боддырған жоқ.