Жауарлар әлeмі: Ашыққан итбалық мейрамханаға бас сұқты (видео)
Жауарлар әлeмі: Ашыққан итбалық мейрамханаға бас сұқты (видео)
10 жыл бұрын 7313

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында қызық оқиға болды. Мейрамханалардың біріне түн ішінде итбалық кіріп кеткен. Аштықтан әбден әлсіреген су жануарын көрген даяшылар аң-таң болып, «жұмыс уақытының әлі басталмағанын, сондықтан тапсырыс қабылдамайтынын» айтып та әзілдепті. Дегенмен арнайы мамандарға хабар берген. Оқиға орнына жеткен олар итбалық салмағының әдеттегі мөлшерден екі есе аз екенін айтып, жергілікті хайуанаттар бағына алып кеткен. Жалпы, жыл басынан бері осындай 40 жануарға жәрдем беріліпті. «Оған Тынық мұхитында итбалықтар жейтін азықтың тапшылығы себеп», - дейді мамандар. Джоди Вестберг, хайуанаттар бағының қызметкері: - Биыл Калифорнияның оңтүстігінде, әсіресе Сан-Диего аумағында су деңгейінің көтерілуі мен түсуі күшейген. Дауыл да жиі тұрғандықтан, су жануарлары жылы мекен іздейді. Оған қоса Эль-Ниньо құбылысы итбалықтардың негізгі азығына кері әсерін тигізді. Сондықтан биыл олардың өлімі де ерекше көп болып тұр.



 

0 пікір
Мұрағат