|
Жастық шақтың «жасы» ұзартылды
|
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин елдегі жастар саясаты туралы заңға қолын қойды. Аталған заң талабына байланысты Ресейде бұдан былай 14-35 жас аралығындағылар жас болып есептеледі. Бұл жайында islam.kz порталы vesti.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын бұл көрсеткішті 30 жастан асырмаған болатын. Осылайша аталған елде заң жүзінде жастық шаққа тән жас 22 жылға созылады. Мұндай түзету не үшін қажет болды? Бұл түзету елдегі 12 млн жастың қарасын 41 млн адамға жеткізді. Осылайша ресейліктер жастық мәртебесіне байланысты мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға ие болмақ. Аталмыш заңда «жас маман», «жас отбасы», т.б. ұғымдар қамтылған. Жастарға қолдау көрсетудің түрлі тетіктерін анықтау мақсатында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)