|
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді
|
2000-2024 жылдар аралығында әлемнің 12 елінен 230 млн-нан аса адамды қамтыған, жүйелі түрде жүрзілетін және 42 метаталдау нәтижесі көрсеткендей, жастар мен жасөспірімдердің өз-өзін майып ету көрсеткіші жыл сайын 3,5 пайызға артып отырған. Бұл жайында islam.kz порталы JAMA Pediatrics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жастар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсап, майып етуі немесе кемтарға айналдыруы жұқпалы індет секілді кеңінен етек алғаны соншалық, қоғамдық денсаулықты сақтау саласының бас ауруына айналған. Жастар мен жасөспірімдердің мұндай қатерлі қадамға күйзелістен, психикаға теріс әсер ететін заттарды қолданудан, жұмыссыздықтан, жалғыздықтан, жат әдеттерге үйірліктен немесе тәуелділіктен, отбасындағы келеңсіздіктерден, шешімін таппаған әлеуметтік мәселелерден баратыны анықталған. Осы орайда өз-өзіне қол жұмсау (суицид) тақырыбы едәуір індете зерттелгенімен өз-өзін майып ету, мүгедекке айналдыру феноменіне жете назар аударылмай келгенін айта кету керек. Осы олқылықты ескерген Торонто университетінен (Канада) Наташа Сондерс немесе Саундер (Natasha Saunders) есімді ғалым бастаған зерттеушілер тобы табысы жоғары елдердегі балалар мен жастар арасындағы өз-өзін зақымдаудың астары мен түп-төркінін зерттеу үшін жүйелі шолу мен метаанализ жүргізді. Бұл тараптағы зерттеуге жалпы 234054520 адамды қамтыған 12 елден 42 зерттеу енгізілді. 35 зерттеуде медициналық деректер, жетеуінде сауалнама мәліметтері қаперге алынды. Медициналық деректердi зерттеудiң метаталдауы 2000 жылы өзiн-өзi зақымдау жиiлiгi 10 мың адамға шаққанда 10,2 жағдайды құрағанын көрсеттi. 25 жыл ішінде жыл сайынғы салыстырмалы өсім 3,5 пайызды құрады. Жынысы бойынша бөлiнген зерттеу кезiнде 2000 жылы қыздар арасында өзiн-өзi зақымдаудың орташа деңгейi жыл сайын салыстырмалы түрде 3,6 пайызға ұлғайып, 10 мың адамға шаққанда 14,1-дi құрағаны анықталды. Ерр балаларда осы көрсеткіш 10 мың тұрғынға шаққанда 9,1 және жылына 1,2 пайызды құрады.