Жасанды зерденің жаһандық экономикаға нақты төндірер қатері аталды
Жасанды зерденің  жаһандық экономикаға нақты төндірер қатері аталды
1 жыл бұрын 931 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Bibhash Banerjee / Unsplash

Жасанды зерде технологиясын экономикаға жаппай енгізудің тиімділігі жаһандық өнеркәсіп революциясының салдарымен салыстыруға болады. Таяу болашақта жасанды зерде әлемдік экономикада төңкеріс жасайды. Бұл жайында islam.kz порталы Business Insider дерек көзіне сілтеме жасай отырып әлім етеді. Goldman Sachs инвестициялық банкі сарапшыларының зерттеу нәтижесіне сәйкес АI технологиясы әлем бойынша 300 миллионнан астам жұмыс орнының жояды. McKinsey консалтингтік фирмасының сарапшылары тек Америка Құрама Штаттарында кем дегенде 12 миллион америкалық азамат кәсіби қайта даярлаудан өтіп, басқа салаларға ауысуға мәжбүр болатынын алға тартып отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, қазіргі уақытта әлем жаңа технологиялық революцияның бастапқы кезеңінде ғана тұр. Болашақта жаһандық экономика әлемдік еңбек нарығында нағыз дүмпу орын алмақ. Жетекші елдердің үкіметтері AI технологияларын жаппай енгізуге лайықты түрде дайындалмаса, жаһандық экономика дағдарыстың жаңа «ауыр» кезеңіне тап болады. Жасанды зердені қолданудан келетін пайда тек ондаған жылдардан кейін көрінеді - жаһандық жалпы ішкі өнім 17 триллион доллардан 26 триллион долларға дейін артуы мүмкін.

Ұқсас материалдар:

«Адам мен робот арасындағы соғыс басталып кетті...» (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-men-robot-arasyndagy-sogys-bastalyp-ketti-18775/#gsc.tab=0);

«Роботқа салық салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/robotqa-salyq-salynuy-mumkin-18262/#gsc.tab=0);

«Арзан жұмысшы күшінің дәуірі өтіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/arzan-jumysshy-kushinin-dauiri-otip-barady-14296/#gsc.tab=0);

«Роботтандыру процесінен кісі өлімі көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/robottandyru-protsesinen-kisi-olimi-kobeiip-keledi-16457/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат