Жасанды зерде мен технологияға ақшаны аямай құйған негізгі алты араб елі
Жасанды зерде мен технологияға ақшаны аямай құйған негізгі алты араб елі
12 күн бұрын 852 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Төртінші өнеркәсіптік революция әлемнің жұмыс істеу тәсілін өзгертті. Араб елдері үшін бұл құбылыс сын сәттер мен мүмкіндіктерді қатар әкелді. Жасанды зерде (АІ) басқаратын ақылды қалалар мен алдыңғы қатарлы роботтардың арқасында өңір елдері өз экономикасын әртараптандыру, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, түрлі салаларды автоматтандыру технологияларын жатсынбай, өмірдің барлық дерлік салаларына қарқынды түрде енгізіп жатыр.

Десе де Таяу Шығыста, соның ішінде араб әлемінде Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігі және Катар индустриялық толқынның алдыңғы қатарынан көрініп, батыл қадамдар жасауда. Технологияны мейлінше терең игеру мақсатында болашағы зор жасанды зердеге инвестиция құйып жатыр.

Аталған елдердің бұл бағыттағы қадамы өз жемісін беріп те жатыр: құрылыс (ақылды қала жобасы), мұнайға тәуелді экономиканы әртараптандыру саясаты, киберқауіпсіздік, стартап, цифрландыру процесі, әлеуметтік бастамалар араб қоғамын трансформациялауда.

Таяу Шығыстағы ІТ-шығындар, яғни, ақпараттық технология шығыны 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 4%-ға өсіп, 183,8 млрд долларға жетеді. IDC болжамы бойынша аталған аймақтағы жасанды зердеге салынатын инвестиция мөлшері биыл 3 млрд долардан асады, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 32%-ға жоғары.

Технологиялық секторға ақшаны аямайтын негізгі алты араб елі:

  1. Сауд Арабиясы технологиялық инновацияға 100 млрд доллар бөлді. 2024 жылы осы заманғы озық технологиямен айналысатын Alat компаниясының негізін қалады. 2030 жылға дейін Alat компаниясына шамамен 100 млрд доллар құйылады. Соның ішінде жасанды зерде, жартылай өткізгіштерге, робо техникамсына, ақылды қала жүйесіне басымдық беріледі. Саудия бұл тарапта Америка құрама штаттары мен Қытай халық республикасынан инвестиция тартуды жоспарлап отыр.
  2. Катар жасанды зерде саласында Таяу Шығыс аймағын бойынша көш бастаған ел. Бұл технологияға 2,5 млрд доллар бөледі. Замануи технологияны енгізе отырып, өмір сапасын жақсартуға әрі түрлі саланы трансформациялауға ден қойып отыр. Сарапшылардың болжамынша, биыл жасанды зерде нарығы 428,4 млн доллар, ал 2030жылға таман 1,9 млрд долларға жетпек. Катар билігі бүгінде АІ технологиясын ынталандыру мақсатында 2,5 млрд доллар бөлді.
  3. Бірірккен Араб Әмірлігі инновацияға жыл сайын 3 млрд доллар бөлумен келеді. АІ технологиясы 2030 жылға қарай ел экономикасына шамамен 98 млрд доллар табыс әкелмек. БАӘ стратегиясы жасанды зердені барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметтерге кіріктіруге саяды. Робот техника мен автоматтандыру бағдарламалары секілді маңызды жобалар роботтардың Дубай қаласының жалпы ішкі өнімін он жыл ішінде 9%-ға арттырауы мүмкін.
  4. Кувейт  2028 жылғға дейін жасанды зердеге 39,8 млрд доллар құяды. Кувейт те өзге араб елдері секілді экономикасын мұнай тәуелділігін құтқарып, әртараптандыруға мүдделі әрі мұқтаж. Соның ішінде цифрлы инфрақұрылымды қалыптастыруға әрі дамытуға назар аударып отыр. 2028 дылға дейін аталған араб елінің АІ нарығы 39,8 млрд долларды құрайды.
  5. Мысыр биыл технология мен электроника эскпортын ұлғайту салаларынжа миллиондаған жұмыс орнын ашуды мақсат етіп, экономикалық стратегия қабылдады. Мұндағы масқат цифрлы экспортты 9 млрд долларға жеткізуге саяды. Бұұл бағытта кең жолақты интернетті ұлғайтуға, мыс кабелдердің оптикалық талшықты нұсқасына алмастыруға ден қойып, 2030 жылға таман АІ технологиясының жалпы ішкі өнімге қосар үлесін 8%-ға дейін арттыруда көздеп отыр.
  6. Марокконың АІ нарығы 2030 жылдары 1 млрд долларға дейін өсуі тиіс. Марокко АІ саласын дамытып, цифрлы трнасформациияны жүзеге асырып жатыр. Соның ішінде АІ саласында машикалық оқыту мен дағдыларды меңгеруге жете көөңіл бөліп отыр. Мұхаммед ҮІ атындағы универсиететте жасанды зерде технологиясын дамыту бойынша бастама негізінде ауыл шаруашылығын өөркендетуді, денсаулық сақтау саласын модернизациялауды, энергетиканы түрлендіруді мақсат етіп отыр.


Islam.kz порталы (әл-Жазира шолуы негізінде әзірленді)

0 пікір
Мұрағат