Жасанды зерде жаһандық проблеманы тереңдетеді
Жасанды зерде жаһандық проблеманы тереңдетеді
11 ай бұрын 1003 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жаһандық табыс теңсіздігі проблемасының тереңдеуіне жасанды зерде (AI) технологиясы өз ықпалын тигізде, деп санайды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ұйымның сайтына (imf.org) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ХВҚ сарапшыларының пікірінше, AI дамуының әлемдік еңбек нарығына әлеуетті әсері соншалық, бұл технология планетадағы барлық жұмыс орындарының 40 пайызына дейін қысқаруына әсер етуі мүмкін. Дегенмен, орташа табысы жоғары елдер дамушы нарықтарға (40 пайыз) және табысы төмен елдерге (26 пайыз) қарағанда жұмыс орындарын жоғалту қаупін (60 пайыз) жоғарылатады. Әлбетте, жасанды зерде күллі әлем бойынша еңбек пен табыс өнімділігін арттырады, сонымен қатар, әлеуметтік теңсіздік пен қайшылыққа апаратын қатері барын да жоққа шығаруға болмайды.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды зерде 300 млн адамды жұмыссыз қалдырады, есесіне әлемдік ЖІӨ-ді 7%-ға көтереді" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-300-mln-adamdy-jumyssyz-qaldyrady-esesine-alemdik-jio-di-7-ga-koteredi-18359/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде технологиясына салынатын инвестиция күрт құлдырап кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-tehnologiyasyna-salynatyn-investitsiya-kurt-quldyrap-ketti-18318/#gsc.tab=0);

«Роботқа салық салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/robotqa-salyq-salynuy-mumkin-18262/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат