Жасанды зерде Франция қазынасына 10 млрд еуро пайда әкелген
Жасанды зерде Франция қазынасына 10 млрд еуро пайда әкелген
2 жыл бұрын 1352 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция бағдарламалық жасақтаманы бүкіл ел бойынша таратуды жоспарлап отыр, олар ел түсетін салықтыңң осы күнгі мөлшерінен қосымша тағы шамамен 40 миллион еуроға көп пайда әкеледі деп есептейді. Бұл жайында islam.kz порталы The guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Google компаниясы Capgemini компаниясымен бірлесіп, Францияның бірнеше аймақтарындағы жария етілмеген жеке бассейндерді анықтауға көмектесетін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеген, осылайша мемлекет қазынасын 10 миллион еуроға толтырды. Жасанды зерде спутниктік суреттермен жүктелген, олардың көмегімен салық салынатын жеке объектілерді тапты. Бассейндердің көпшілігі Жерорта теңізі жағалауындағы аймақтардан табылған. Мәселенің мәнісі мынада еді: Франция билігі бассейндерді де жария етуге (декларациялауға) міндеттейді, өйткені, хауыз (бассейн) жылжымайтын мүліктің құнын арттырып, бағасын көтереді. Орташа есеппен алғанда 30 шаршы метр алаңды алып жатқан хауыз үшін жылына 200 еуро салық салынады. Алайда, аталған еуропалық елде бірнеше мыңдаған адам хауызды жасырып, салықтан жалтарып келеді. Алдағы уақытта тек хауыздарды ғана анықтап қана қоймай, сонымен қатар, өзге де нысандарды, атап айтқанда, заңсыз құрылыстарды, т.б. анықтауға мүмкіндік беретін жасанды зерде жасақтамасын әзірлемек. Десе де жасанды зерденің 100% толық жұмыс істемейтінін алға тартып отыр сарапшылар, өйткені, қалқадағы немесе жабық жерлердегі хауыздарды анықтай алмайды.

0 пікір
Мұрағат