Жасанды зерде 300 млн адамды жұмыссыз қалдырады, есесіне әлемдік ЖІӨ-ді 7%-ға көтереді
Жасанды зерде 300 млн адамды жұмыссыз қалдырады, есесіне әлемдік ЖІӨ-ді 7%-ға көтереді
2 жыл бұрын 1258 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде (АІ) саласындағы ChatGPT чат-бот секілді жаңа сервистер мен қолданбалар күллі әлем бойынша 300 млн адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде АҚШ-тағы Goldman Sachs банктің есепті баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қаржы мекемесінің талдау нәтижесі  АҚШ пен Еуропадағы жұмыс орындарының үштен екісін кем дегенде белгілі бір дәрежеде автоматтандыруға болатынын көрсетті. Сарапшылар еңбек нарығындағы жаһандық өзгерістердің жақын болашақта орын алуы мүмкін екенін атап өтті, дегенмен, тарихи технологиялық прогресс жұмыс орындарын қысқартып қана қоймай, жаңаларын ашады. Сонымен қатар, AI технологиясын пайдалану еңбек өнімділігінің өсуін жеделдетіп, уақыт өте келе әлемдік жалпы ішкі өнімді 7 пайызға арттыруы мүмкін. Goldman Sachs сарапшылары кейбір мамандықтар басқаларға қарағанда көбірек зардап шегетінін болжап отыр. АҚШ-та автоматтандырылуы мүмкін салалардың ең үлкен үлесі кеңселік және әкімшілік құрылымдарға тиесілі болады, яғни, 46 пайызды құрайды. Олардан кейінгі орында 44 пайызбен заңгерлік мамандығы және сәулет және инженерлік мамандықтар (37 пайыз) тұр. Еуропа деректері де осыған ұқсас: автоматтандыру процесі ең алдымен кеңседегілерге кесірін тигізеді, қол еңбегі мен оған байланысты кәсіптердің тек 4 пайызын ғана AI орындай алады. Жалпы алғанда, Еуропадағы барлық жұмыстардың 24 пайызы автоматтандырылуы мүмкін - АҚШ-тағы 25 пайыздық көрсеткіштен сәл төмен. Банк сарапшылары дамыған елдерде автоматтандыру процесі дамушы елдерге қарағанда еңбек нарығына көп ықпал етпек.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды зерде технологиясына салынатын инвестиция күрт құлдырап кетті» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-tehnologiyasyna-salynatyn-investitsiya-kurt-quldyrap-ketti-18318/#gsc.tab=0);

«Роботқа салық салынуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/robotqa-salyq-salynuy-mumkin-18262/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат