Жасанды зерде 2040 жылға дейін мыс тапшылығын тудырады
Жасанды зерде 2040 жылға дейін мыс тапшылығын тудырады
2 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

S&P Global  талдау агенттігі аталған ресурс нарығына қатысты өз болжамын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылардың топшылауынша, жасанды зерденің қарқынды дамуы мен геосаяси ахуалдың ушығуы өз кезегінде таяудағы жылдары мысқа деген жаһандық сұранысты 50 пайызға арттырады. Есепке сәйкес 2040 жылға таман мысты жыл сайынғы тұтыну деңгейі 42 миллион метрикалық тоннаға жетеді, бұл көрсеткіш 2025 жылғы деңгейден 28 миллион тоннаға едәуір жоғары. Сарапшылар жаңа кен орындарын белсенді игермей және өңдеу әдістерін жақсартпаса, әлем жылына шамамен 10 миллион тонна мыс тапшылығын көреді. АІ жұмысы үшін қажетті дата-орталықтар, робототехника және әскери жабдықтар әдеттегі тұрмыстық техникамен қатар осынау ресурстың орасан зор мөлшерін қажет етеді. S&P жетекшісінің орынбасары Ден Ергін мұндағы сұраныстың негізгі факторы әлемді электрлендірумен байланысты екенін және мыс электрлендірудің басты металы болып қалатынын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат