«Жасанды күн» таңқаларлық рекорд орнатты (видео)
«Жасанды күн» таңқаларлық рекорд орнатты (видео)
8 ай бұрын 1881 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар «жасанды күннен» орасан зор энергия өндірудің жолын тапты. Оңтүстік Кореяда орналасқан KSTAR Tokamak синтездік реакторы плазма температурасын 100 секундтан астам Целсия бойынша 100 миллион градусқа дейін ұстап тұру арқылы H-режимінің жаңа рекордына қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кореяның синтездік энергия институтының физиктері KSTAR синтездік реакторы алғаш рет күн ядросындағы температурадан 7 есе жоғары плазмалық температураға қол жеткізгендерін хабарлады. Бұл жаңа рекорд жақында аяқталған тәжірибе кезінде орнатылды. Салыстыру үшін алсақ, күн ядросындағы плазманың температурасы Целсия бойынша 15 миллион градус, сондықтан физиктер тұрақты плазманың температурасына қол жеткізе алды. Физиктер KSTAR реакторын негізгі мәселені шешу үшін пайдалануда: ядролық синтез арқылы таза және шексіз энергияның болашақ көзіне қол жеткізбек.

 

0 пікір
Мұрағат