Жас жұбайларға дайындық курсы енгізілді
Жас жұбайларға дайындық курсы енгізілді
10 жыл бұрын 3528

Сауд Арабиясының әлеуметтік саясатты үйлестіретін министрлігі осы елде шаңырақ құрып, отау құрғысы келетін жас жұбайларға арналған арнайы әрі міндетті дайындық курс енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Ажырасудың алдын алу үшін. Бастапқыда бұл бағдарламаға қатысу мәселесі әркімнің өз еркінде болып келсе, ендігі жолы міндетті түрде жүзеге асырылады. Осынау курстан өткендерге сертификат табыс етіледі. Тиісті орындар осы құжат бойынша неке қидырғысы келетіндерге өз рұқсатын беретін болады. Курс тегін жүргізіледі. Онда ерлі-зайыптылардың ажырасуына апарып соқтыратын отбасындағы кикілжің мен түсінбеушіліктің және келіспеушіліктің алдын алу әрі одан сақтану жолдары сөз болады. Дәріс барысында діни, әлеуметтік, психологиялық, мәдени және қаржы мәселелері талқыланады.

0 пікір
Мұрағат