Жаппай әскери борышын өтеуге міндеттелді. Неге?
Жаппай әскери борышын өтеуге міндеттелді. Неге?
7 жыл бұрын 3552 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кувейтте жаппай отан алдындағы борышын өтеуге міндеттейтін заң қабылданды. Аталмыш заң осыдан 16 жыл бұрын қолданыстан алынған болатын, алайда, террористер тарапынан төнген қауіптің деңгейі және Таяу Шығыстағы аймағындағы ахуалдың күрделі күйінде қалғаны ескерілді.Бұдан былай аталмыш заң талаптарына сай мамыр айының 10-на дейін жасы 18-ге толған барлық азамат әскерге шақыру орталықтарында немесе ғаламтор арқылы тіркелуге міндетті. Тіркелуге екі ай мұрша беріп отыр. Ал жалтарғандар жауапқа тартылып, жазасын өтейтін болады. Нақтырақ айтқанда, әскер қатарында үш ай артық жүреді немесе аса ірі мөлшерде айыппұл төлейді, я болмаса абақтыға белгілі бір мерзімге жабылады. Яғни, әскерге барудан жалтару қылмыс саналады заң талабына сәйкес. Ал әскерге шақырудан қашпағандарға бірқатар жеңілдік қарастырылған: жұмыс орны мен жалақы мөлшері сақталады, мемлекеттік қызметке тқрғысы келетіндерге артықшылықтар беріледі. 

0 пікір
Мұрағат