Жапониядағы қалашық халқы қоқысты өзі өңдейді (видео)
Жапониядағы қалашық халқы қоқысты өзі өңдейді (видео)
8 жыл бұрын 4510

Жапондар күнделікті қоқысты қайта өңдеуді бұрыннан қолға алғандығымен белгілі. Бірақ, мұндағы Камикацу қалашығының халқы тұрмыс қалдықтарын түк қалдырмастан, 100 пайыз етіп, толығымен қайта өңдеуді көздеуде. Қазірдің өзінде олар барлық қоқыстың 80% бөлігін өздері жинап, ажыратып, тығыздап, қайта өңдеп, жарата беретін дәрежеге жеткен. Олардың айтуынша, 2020 жылы Камикацуда қоқыс үйінділері мүлде болмайды.  Жалпы бұл қалашықта 1700 адам тұрады. Олар 2003 жылдан бастап, барлығына міндетті санитарлық бағдарлама енгізген. Оның аясында қоқыс 34 түрге жіктеліп, жинастырылады. Артынша қалдықтар қалалық қайта өңдеу орталығына жеткізіледі. Бұл орталықта қоқыс пен қалдық өңделген жағдайда, қандай пайда келтіретіні туралы мұқият жазылған плакаттар ілулі тұр.  Қайта өңдеудің қаншалықты қиын екендігін көрсе де, тұрғындар еш ерінбейді. Тіпті мұнда ескі заттарды қажет болған жағдайда, жаңа затқа тегін ауыстырып беретін дүкен ашылған. Қала тұрғыны Хацю Катаяма былай дейді: «Бастапқыда мұның бәрі қолайсыздық тудырып, біз идеяға қарсы болған едік. Бірақ, артынша бойымыз үйренісіп, бұл үрдіс өміріміздің бір бөлігіне айналды». Ал ең бастысы - қалашықтың бұл тірлігі БҰҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттарымен дәл сәйкес келді. Ол бойынша ұйым 2030 жылға дейін қоқысты қайта өңдеу жөнінен халықаралық келісімге елдерді көптеп тартуды көздейді, деп жазады gismeteo.ru.

0 пікір
Мұрағат