|
Жапониядағы мұсылман саны 1 жылда 70 мың адамға артқан
|
Күншығыс елінің Уаседа университетінің құрметті профессоры Хирофуми Танада және басқалар жүргізген зертте нәтижесіне сәйкес 2024 жылдың соңына қарай арал мемлекетте 420 000 мұсылман тұрған. Бұл көрсеткіш бұл елдің жалпы халқының 0,3% -ын құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы The Mainichi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл көрсеткіш оның алдындағы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 70 000 адамға өскен және шамамен 20 жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,8 есе көп. Бұған елдегі демографиялық ахуалдың теріс тенденциясына, дәлірегі туу көрсеткішінің төмендеуі мен қартаю процесінің қарқын алуына байланысты жұмыс күшінің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін үкіметтің шетелдіктерді қабылдау саясаты ықпал еткен. Соның ішінде аталмыш саясат аясында техникалық тағылымдамадан өтушілер санының артқаны да себеп болып отыр. Жапониядағы мұсылмандардың шыққан тегі мен нәсіліне, аймағына тоқталсақ, индонезиялықтар ірі топты құрайды - шамамен 200 000 адам, одан кейін Бангладештен шамамен 35 000 адам, Пәкістаннан шамамен 30 000 адам, Малайзиядан шамамен 12 000 адам және Түркиядан шамамен 8 000 адам осы арал мемлекетте тұрады. Мешіттердің саны да өсіп келеді: 2025 жылғы шілде айындғы дерек бойынша ел аумағында 160-қа жуық мұсылмандар құлшылық ететін орын бар. Шетелдіктер - жай ғана жұмыс күші ғана емес, түрлі дін және мәдениет өкілдері. Жергілікті халық исламмен жете таныс емес, тек бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар. Осыған байланысты мұсылмандарға оң қабақ таныта бермейді.