Жапонияда вокзал бастығы болған мысық салтанатты түрде жерленді
Жапонияда вокзал бастығы болған мысық салтанатты түрде жерленді
10 жыл бұрын 3590 Фото: inform.kz

Жапонияда теміржол стансасының бастығына тағайындалғаннан кейін ұлтқа танымал болған вокзал бастығы қызметіндегі мысықты салтанатты түрде жерледі. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Тама деген атқа ие болған мысық осыдан сегіз жыл бұрын Киси стансасына бастық болып тағайындалған еді.

Шинель мен фуражка киген ол бар уақытын бастықтың будкасында өткізді.

Сегіз жыл бұрын жергілікті темір жол банкротқа ұшырап, Киси стансасында бір де бір қызметкер қалмаған еді.

Тек Тама мысық станса бастығы болғаннан кейін мұнда келетін жолаушылар саны күрт артқан.

Мысықты жерлеуге келген компаниялар мен жергілікті билік өкілдері оған қалаға туристерді тартқаны үшін алғыстарын білдірді.

Станса бастығы қызметіне жаңа мысық тағайындалды, деп хабарлайды Би-би-си.

0 пікір
Мұрағат