Жапонияда тұрғындарға паролі мен логинін де мұраға қалдыратындар тізіміне қосуға кеңес берді
Жапонияда тұрғындарға паролі мен логинін де мұраға қалдыратындар тізіміне қосуға кеңес берді
1 ай бұрын 1312 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның тұтынушылар ісі жөніндегі ұлттық орталығы ел азаматтарын «өмірін соңына дейін цифрлық тұрғыдан жоспарлауға» шақырып, оны қалай жасау керектігі туралы кеңес берді. Атап айтқанда, түрлі платформалардағы логиндер мен паролдерін мұрагерлік өсиетіне енгізуді ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы 24gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған агенттік азаматтар қайтыс болғанға дейін жақындары жасаған жазылымдарды жоюда қиындықтарға тап болған бірқатар оқиғаларға байланысты осындай әдеттен тыс ұсынысқа жүгінді, себебі, олар интернет пайдаланушының қандай атпен және паролмен тіркелгенін білмейді. Мұндай «цифрлық мұрамен» күресу қиын, сондықтан орталық бұл мәселені шешу үшін келесідей кеңестер береді:

- отбасы мүшелері төтенше жағдай туындаған жағдайда сіздің смартфонын немесе компьютерін аша алатынына көз жеткізіңіз;

- пайдаланушы аттары мен паролдері бар жазылымдар тізімін жүргізу;

- бұл деректерді адам дүниеден қайтқан соң күшіне енетін құжатқа (мұрагерлік өсиетке) енгізу;

- азамат қайтыс болғаннан кейін смартфонға және басқа да тіркелгілерге қол жеткізе алатын біреуді тағайындауға мүмкіндік беретін қызметті пайдалану.

Агенттік бұл мәселелерді алдын ала реттеп алуды кеңес етеді, өйткені, адам қайтыс болғаннан кейін оның шығындарын анықтау әрі реттеу қиынға соғады. Бұдан бөлек, адамдар өз жақынының цифрлы істерін аяқтауда түрлі қиындықтарға тап болып жатады, мәселен, дүниеден озған адам бұдан былай пайдалана алмайтын қызметтер үшін төленетін ақыны тоқтата алмай қалып жатады. Яғни, автоматты түрде шотындағы ақша түрлі қызметтер үшін ұсталып жатады. Дегенмен, кей кәсіпкерлер адамдардың цифрлы істерін жүргізетін өз бизнесін ашуды жоспарлап отыр. Мысалы, Dead Man's Switch бағдарламасы тіркелген пайдаланушы өзі таңдаған біреумен байланысу үшін конфигурацияланған — егер бұл пайдаланушы белгіленген уақыт ішінде белгілі бір тіркелгілерге кірмесе, аталмыш жүйе мұрагерге хабарласады. Мета✴, сондай-ақ, қайтыс болған адамның тіркелгісін басқара алатын «ізбасар байланысын» белгілеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат