Жапонияда «психикалық проблемаларға» байланысты демалысқа шыққан мұғалімдер саны 7119-ға дейін өсті
|
Жапонияда 2023-2024 оқу жылында “психикалық ауытқуға” байланысты демалыс алған мұғалімдер саны рекордтық көрсеткішке жетті – 7119 адам. Бұл көрсеткіш 2020-2023 жылдар аралығындағы осындай себеппен демалысқа шыққан мұғалімдердің жалпы, орташа санына шаққанда едәуір жоғары. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде күншығыс елінің Kyodo ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Anadolu Ajansі дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Арал мемлекеттің білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі 20 қаланың оқу орындарында арнайы зерттеу жүргізген екен: Жапониядағы барлық мұғалімдердің 0,77%- ы осындай себептен демалысқа шыққаны анықталды. Олардың басым бөлігі студенттермен (26,5%), әріптестерімен (23,6%) және әкімшілік (13,2%) жұмыс істеу қиындығына байланысты демалысқа кеткенін хабарлады. Өткен жылы осындай себеппен жұмысынан демалысқа шыққан 788 мұғалімнің 260-ы біржола қызметінен өз еркімен кеткен екен. Осыны ескерген Жапонияның білім беру министрлігі мұғалімдерді көтермелеудің шараларын қарастырып жатыр. Соның ішінде жұмыс уақытысын азайтуды көздеп отыр. Мұғалімдер санын көбейту есебінен.