Жапонияда жұмыстың жартысын роботтар орындайды
|
Сарапшылардың айтуынша, болашақта Жапонияда адамдар істейтін жұмыстың үштен бір бөлігін роботтар орындайтын болады. Содан соң бұл жағдай әлемнің басқа да мемлекеттерінде орын алуы мүмкін.
Бұл туралы Номура зерттеу институты мәлімдеді. Зерттеуге Оксфорд университетінің эксперттері де қатысты. Мәлемдемеге қарап, көптеген мамандық иесі болашаққа бас қатыруы тиіс. Себебі олар жұмыссыз қалуы әбден мүмкін.
Зерттеушілердің көзқарасы бойынша, роботтар 10-20 жылдан соң 601 жұмыс түрінің 235-ін орындай алады екен. Қазір Жапонияда осы жұмыс түрлерінде 25 миллион адам жұмыс істеп жатыр. Еңбек қорының 49%-ын робот атқара алады. Көріп отырғанымыздай, болашақта жұмыс күшінің жартысын роботтар орындайды. Ондай жағдайда жүргізушілер, супермаркет қызметкерлері, үй қызметшілері, күзетшілер және басқа да қызмет иелері толықтай жұмыстан құр алақан қалмақ.
Бірақ бірден қорқудың қажеті жоқ. Себебі роботтардың қолынан келмейтін жұмыстар да бар. Зерттеушілердің айтуынша, белсенді қарым-қатынасты қажет ететін мамандық иелерінің орнын роботтар алмастыра алмайды. Мысалы, дәрігер, мұғалім, шаш сәндеуші, режиссер т.б.
Осы уақытқа дейін де АҚШ ғалымдары жаппай роботтандыру несімен қауіпті деген сұрақтың шешімін іздеген еді. Эксперттердің 52%-ы роботтардың нарықта еш қаупі жоқ десе, 48%-ы қауіпті деп ойлайды. Оптимистер ғылыми-техникалық революция орнап, жаңа жұмыс орны көбейетінін айтады. Мысалы, болашақта робот техникасына жасанды сана орналастырса, бос жұмыс орындары пайда болады. Мол күш-қуатын жұмсап, физикалық тұрғыда шаршаған адамдарға енді өзін-өзі дамытуға және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік туады.
Жаппай роботтандыру дамыған мемлекет тұрғындарына ғана тән. Әлемнің көп бөлігінде болашақта да адам еңбегін пайдалану жалғаса береді. Бұл жерде роботты қолдану не қолданбау жұмыс берушіге экономикалық тұрғыдан тиімді болуына байланысты.