Жапонияда исламға тыйым салынған ба
Жапонияда исламға тыйым салынған ба
1 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірден «жоқ» деп кесіп айтамыз. Соңғы кездері әлеуметтік желіде күншығыс елі аумағында исламға ресми түрде тыйым салынғаны туралы ақпарат «өріп» жүр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жапонияда наным-сенім бостандығы демократиялық қағидаттарға сай жүргізіледі. Дәлірегі, конституцияның 20-шы бабымен кепілдік берілген. Жапония – зайырлы мемлекет. Қандай да бір дінге немесе наным-сенімге артықшылық берілмейді. Кез келген діни жөн-жоралғыларға қатысты бегілі бір шектеулер бар. Мұсылмандарға азаматтық берілмейді, исламды ашық насиххаттауға тыйым салынады, қоғамдық орындарда (мешіт пен арнайы бөлінген орындарда) намаз оқуға тыйым салынады, ислами білім беретін медресе жоқтың қасы, қасиетті Құран (араб тіліндегі) кітаптарын көптеп елге әкелуге және таратуға, т.б. тыйым салынған. Соңғы күндері қиыр шығыстағы арал мемлекетте мұсылмандар заңсыз жолмен марқұмды жерлегені үшін исламға тыйым салынды деген ақпарат желдей есіп тұр. Жапонияда жердің жетіспеушілігінен қайтыс болған адамды арнайы пеште өртейді, бұл талапқа құлақ аспай, мәйітті жер қойнына тапсырғаны әшкере болғаны үшін исламға тыйым салынды деген қауесет тарап отыр. Бұл ақпараттың шындықққа жанаспайтынын тағы бір мәрте естеріңізге сала кетеміз. 

0 пікір
Мұрағат