Жапонияда 65 пен 69 жас аралығындағы әрбір екі адамның бірі жұмыс істейді: ел тарихындағы ең көп жұмыс істейтін қарт адамдар
Жапонияда 65 пен 69 жас аралығындағы әрбір екі адамның бірі жұмыс істейді: ел тарихындағы ең көп жұмыс істейтін қарт адамдар
2 жыл бұрын 1469 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Іс жүзінде барлық қарт адамдар жұмысын тастап, қарапайым және жайбарақат зейнеткерлік өмір сүретін күндер артта қалды. Тұтас ұлттың қартаю процесіне байланысты еңбекке жарамды жұмысшы күшінің орнын толтыру үшін егде жастағы адамдар барған сайын жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай оотырып мәлім етеді. Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы 65 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылғандардың саны 9,09 миллионға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен 18-ші жыл қатарынан асып түседі. 65 және одан жоғары жастағы адамдарды жұмыспен қамту деңгейі 25,1% құрады. 65 пен 69 жас аралығындағы адамдардың 50,3%-ы жұмыс істейді – бұл көрсеткіш алғаш рет 50%-дан асқан. Туу көрсеткішінің жылдан жылға төмен құлдырауынан, халықтың қартаюы мен азаюынан еңбекке жарамды азаматтар қатары сиреп барады, осыған байланысты қарасы көбейіп келе жатқан қарттарды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға құрылған дәстүр мен жүйені де сақтау қиынға соғуда. 2021 жылдың сәуір айында қайта қаралған «Егде жастағы жұмыспен қамтуды тұрақтандыру туралы» заң қолданысқа енді, аталған заң талаптары компаниялардан жұмысшыларға 70 жасқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйені енгізуді талап етеді.

0 пікір
Мұрағат