Жапонияда 2720 жылға қарай 14 жасқа дейін бір ғана бала болады
Жапонияда 2720 жылға қарай 14 жасқа дейін бір ғана бала болады
12 сағат бұрын 167 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің Тохоку университетінің Хироси Ёсида есімді профессордың есебі бойынша демографиялық апат алдында тұрған Жапония аумағында 2720 жылға таман 14 жастан кіші бір ғана болады. Бұл болжам бұрынғы есепке қарағанда 100 жыл бұрын ерте орын алады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоғарғы оқу орнының жорамалы бойынша 2720 жылдыңң қаңтар айының 5-і күні бүкіл елде 14жастан кіші бір ғана бала қалады. Мұндай есеп-қисап арал мемлекеттің өткен жылғы (2024 ж.) туу көрсеткішіне негізделген статистикалық деректер ескеріле отырып жүргізілді. 2023 жылдың сәуір айының басында жасалған алдыңғы болжам бойынша 2821 жылдың қазан айының 27-і күні Жапонияда 14 жасқа дейінгі бір ғана бала болатыны көрсетілген. Осылайша, Жапонияда бір бала санымен шектелетін кезең болжам бойынша тұтас бір ғасырға ерте келетін болды.

0 пікір
Мұрағат