|
Жапонияда 100 жасққа толғандар рекорды жыл сайын жаңарады
|
Жапония осымен 55 жыл қатарынан 100 жастан асқан қарттар қарасы бойынша рекорд жаңғыртумен келеді – жыл сайын жүзге тарта 100 жасқа жеткендер тіркеледі. Бұл жайында islam.kz порталы 3.nhk.or.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биылғы қыркүйек айында күншығыс еліндегі 100 жастан асқан қарттар қарасы 99 763 адамға жеткен. Олардың 88%-ы – әйелдер. Жапония адамның өмір сүру ұзақтығы бойынша күллі әлемде бірінші орында тұр. Санымен де, сапасымен де. Аталған арал мемлекеттің денсаулық сақтау министрі Такамаро Фукока жүз жастан асқан 87 784 әйел мен 11 979 ер адамды ұзақ ғұмырымен құттықтады. Бұл дерек қыркүйек айының 15-і күні аталып өтетін қарттар күніне орай жарияланып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)