|
Жапония бөгде түрден зардап шеге бастады
|
Бір қарағанда, зиянсыз көрнетін аллигаторлық арамшөптер немесе Alternanthera philoxeroides, әсіресе, күріш фермерлерінің бас ауруына айналды. Жергілікті халықтың негізгі азығынан саналатын өнімнің жауы. Күншығыс елінің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасыл жапырақтар мен аллигаторлы арамшөптің әдемі ақ гүлдері бүкіл Жапония аумағындағы су қоймаларында жиі кездесетін құбылысқа айналады. Ғылыми атауы Alternanthera philoxeroides өсімдігі Жапонияның ұлттық экологиялық зерттеулер институтының (NIES) инвазивті түрлерді зерттеу тобының жетекшісі Коити Гокидің айтуынша, зиянсыз көрінгенімен ол аса қауіпті өсімдік. This Week in Asia мерзімді басылымына берген сұхбатында аллигаторлы арамшөп ел аумағынан, дәлірегі, Хего провинциясынан алғаш рет 1989 жылы байқалған. Содан Жапонияның орталық бөлігі мен оңтүстік аймағына жайылған. Енді шығыс пен солтүстікке жылжып бара жатқаны турасында деректер пайда болған. Қазіргі уақытта аталмыш арамшөп Жапонияның 47 префектурасының 30-да өседі. Бұл арамшөп тек құрлықта ғана емес, сонымен қатар, суда да таралады. Кесіп тастаған күннің өзінде кескен жерінен көктеп, өсіп-өнеді. “Жаны сірі” арамшөп, тіпті, жапыраағынан да өсіп-өне алатын қабілетке ие. Ең қауіпті бөгде түрмен тиімді күресудің жолдарын қарастырып жатқанымен әзірге нәтиже болмай тұр. Сарапшылар бұл арамшөптің бұрын тек Латын Америкасында, дәлірегі, Бразилияда, Парагвайда және Аргентинада кездесетінін айтып, енді Жапонияда ғана емес, сондай-ақ, Америка құрама штаттары мен Қытайда дағ австралияда да тарала бастаған. Жөнелтілетін жүкпен, аяқ киімнің табанына жабысып өзге елдерге таралып жатқанын тілге тиек етті. Күріш алқаптарынан да, жол жиегінен де табылатын мұндай арамшөп, тіпті, суда да өсетіндіктен суағар жүйелерді бітеп, канализция құбырларын да істен шығарады. Шығыны мен машақаты көп бұл тығырықтан шығу үшін немесе Күншығыс елінің қоршаған ортаны қорғау министрлігі өткен жылы 500 млн иен (3,2 млн доллар) қаржы да блген арамшөппен күресу үшін. Биыл бюджеттен тағы 1ғ4 млрд иен бөлуді жоспарлап отыр.