|
Жапония азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзартты
|
Сәуір айының 1-нен бастап жапон азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге талаптарды күшейтеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде күншығыс елінің әділет министрі Хирагути Хироси баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне жөн сілтеген nippon.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Елде тұру туралы талапты қолдану тәжірибесін қайта қарау түйінді өзгерістердің бірі болмақ: азаматтық туралы заң «бес және одан да көп жыл» мерзімін белгілесе де, әдетте, кем дегенде он жыл Жапонияда тұру негізгі жаңа шартқа айналады. Бұл ретте заңның өзі қайта қаралмайды - өзгерістер әкімшілік тәжірибе деңгейінде енгізіледі. Азаматтық алу үшiн қажеттi тұру мерзiмi туралы мәселе бұрыннан сынға ұшырап келеді, өйткенi, қолданылып жүрген бес жылдық талап тұрақты резидент мәртебесiн алу үшiн қажеттi «әдетте он және одан да көп жыл» тұру туралы ережеге сәйкес келмейді. Қатаңдату қадамы үкіметтің осы жылдың қаңтар айында бекіткен шетелдік азаматтарды қабылдау және реттелген қатар өмір сүру мәселелері жөніндегі кешенді шаралар пакетінде бекітілді. Азаматтық туралы заң бойынша елде тұрудың тағы бір шарты – шетелдіктің заңсыз әрекеттерімен көзге түспеуін пен өмір сүруге қаражатының жеткілікті болғанын көздейді. Бұдан басқа, билік басқа да талаптарды қатайтады: азаматтыққа өтініш берушінің соңғы бес жылда салықтарды тлегені және соңғы екі жыл үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жарналардың төлегені туралы мәліметтерді қоса ұсынуы тиіс.