Жапония алғаш рет төсек қатынасын сатып алғысы келетіндерді қылмыстық жауапкершілікке тартады
Жапония алғаш рет төсек қатынасын сатып алғысы келетіндерді қылмыстық жауапкершілікке тартады
24 күн бұрын 628 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің әділет министрлігі жезөкшелікпен күрес турлы заңнаманы қайта қарастырады. Бұл жайында islam.kz порталы Тһе Asahi Shimbun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұлл тұрғыда зинақорлыққа қатысты заңдағы олқылықты шешуге жете мән беріледі. Осы мақсатта заңнамаға енгізілетін өзгертулер мен түзетулерді талқылайтын арнайы жұмысшы тобы да құрылды. Бұрын тек, яғни, 70 жыл бойы жезөкшелерді ғана жазаласа, енді төсек қатынасын ақшаға сатып алатындар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Осы орайда арал мемлекетте жезөкшелікке қарсы заң 1956 жылы қабылданғанын айта кетпекпіз. Төсек қатынасының өзі қылмыстық іс ретінде қаралмайтын, тек жезөкшелікке жол бергендер мен жеңгетайлыққа барғандар жауапкершілікке тартылатын еді. Бұрын клиенттерді қоғамдық орындарда іріктеуде немесе таңдағанда қолға түскен жеңгетайлар алты айға дейін абақтыға қамалып, 20 000 (130 доллар) айыппұл салынатын. Алайда, клиенттер жазадан тыс қалатын. Кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа ақы төлеуге балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясы туралы заңда, сондай-ақ, балаларды қорғау туралы заңда тыйым салынғанымен, жыныстық қатынасты сатып алатын ересек адамдарға жаза қарастырылмаған. Осы тұста қараша айында 12 жасар тай қызы Токионың «массаж салонынан» құтқарылғанын айта кетпекпіз. Бұл іс парламентті құқықтық реформаны жүзеге асыруға итермеледі.

0 пікір
Мұрағат