Жапондық балмұздақ өндірушілердің әрекеті Күншығыс елінің мәдениеті мен дамығандығын көрсетіп берді
Жапондық балмұздақ өндірушілердің әрекеті Күншығыс елінің мәдениеті мен дамығандығын көрсетіп берді
9 жыл бұрын 3985 islam.kz massaget.kz

Жапондық балмұздақ өндірушілер аталған тауар бағасының көтерілуіне байланысты жұртшылықтан бастарын иіп, кешірім сұрады. Олардың кешірім сұраған сәті бейнеленген видеоны бір аптаның ішінде 1,2 млн адам тамашалап үлгерген. Бұл жайында «kotaku.com» ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, күншығыс елінің балмұздақ өндірумен айналысатын «Akagi Nyugyo Co» компаниясы өкілдері соңғы ширек ғасыр ішінде, яғни, 25 жыл ішінде аталған тауар бағасының бірінші рет көтергендері үшін тұтынушылардан кешірім сұраған. Ширек ғасыр бойы «Gari-Gari» балмұздағы 60 йенге сатылып келсе, биылдан бастап, оның бағасы он йенге көтерілді. Аталған тауар бағасының көтерілуіне өзіндік құн мен жұмысшы күшінің қымбаттағаны себеп болған. Аталмыш компания өкілдері кешірім сұрап қоймай, тіпті, клиенттеріне де осы тақырыпта ән шырқап берді. Олар осылайша бір оқпен екі қоянды атып алды десе де болады. Біріншіден, клиенттерінен кешірім сұрап, көңілдерін аулады, екіншіден, өз тауарларын жанама түрде болса да жарнамалады. 

Әр елде балмұздақты дайындаудың түрлі тәсілдері бар. Дәмі де ерекшелеу болатыны анық. Мәселен, жолыңыз түсіп Жапонияға бара қалсаңыз ыстық бәлішке оралған балмұздақ жей аласыз. Оны қалай дайындайтынын төмендегі видеодан көріңіздер.

1 пікір
  • Осы жапондықтарға таң қалуымды тоқтатпаймын. Не деген мәдениетті халық. Бұлар біздің елге келсе жылап жіберетін шығар.
    Ал біздегі бағаның жыл сайын емес, күн сайын өсетінін ескерсек, жапондық әдіспен бізден өмір бойы кешірім сұрайтын еді-ау.
    9 жыл бұрын
Мұрағат