Жапондар Африкада тұңғыш рет әскери базасын ашады
|
Күншғыс елі елден тысқары жерде, дәлірегі, Африка құрлығында тұрақты әскери база ашуды жоспарлап отыр. Жапония қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратқан Sankei Shimbun мерзімді басылымның келтірген дерегіне қарағанда, жапондардың әскери базасы Қызыл теңіз жағалауында, яғни, Жибутиде ашылады. Қазірдің өзінде жапон қарулы күштерінің аталған елді-мекенде эсминеці мен екі патрулды ұшағы сомалилік қарақшыларға қарсы пайдалануға берілген. Жапония билігі Жибутиден әскери базасын ашу үшін 12 гектар жерді жалға алды. Онда әскери казарма, қойма, т.б. нысандар тұрғызылады. Сөз реті келгенде айта кетпеске болмайды, бұрын да хабарлағанымыздай, Жибутиде Африкадағы экономикалық мүддесін қорғауы әрі ықпалын арттыру үшін Қытай тарапы да әскери базасын ашқан болатын. Сомалилік қарақшылар Африкадағы сауда айналымына кедергі келтіріп отырған топ. Соңғы жылдары олардың қарақшылық іс-әрекеті бәсеңдегенімен толық жойылған емес. Алайда, сарапшылардың айтуынша, жапондар сомалилік қарақшылармен күресті желеу етіп, Африкадағы қытайлардың ықпалын тежеп, өзінің болашақта экономикалық мүддесін жүзеге асыруы үшін ашып отыр.