Жапон мен корей «Такешима» аралына таласып жатыр
|
Кеше Оңтүстік Корея үкіметі арнаулы мәлімдеме жариялап, Жапонияға «Такешима» аралы төңірегіндегі жанжалға май құймауды талап етті.
Негізі, бұл ұзақтан бері қоздап келе жатқан дау. Такешима жапон теңізінің батыс бөлегіне орналасқан бірнеше шағын ғана аралдар тізбегі. Аралды 1905 жылы Жапония заңды түрде өз территориясына қосып алған. Алайда, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ол Оңтүстік Кореяның қарамағына берілген. Бірақ, жапондар оны өз меншігі ретінде қарайды.
2008 жылы Оңтүстік Корея президенті Ли Мён Пак аталған ел басшыларының ішінде тұңғыш болып, аралға табан тигізді. Бұған Жапония сыртқы істер министрлігі қатаң позиция білдіріп, Сеулдегі елшісін кері шақырып алған болатын.
Ал кеше, Жапония үкіметінің жоғары дәрежелі мәнсаптылары Шиманы ауданында өткізілген «Тәке» қимылына қатынасып, аралды өздерінің территориясы санайтын шарада болған. Бұған Оңтүстік Корея да қатаң наразылық білдіріп мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде делінген: «Такешима» аралы тарих, жағырапия тұрғысынан және халықаралық заңда Оңтүстік Кореяның территориясы деп айтылған. Оңтүстік Корея үкіметі Жапония үкіметінен барлық арандатушылық әрекетін тоқтатып, Жапония империялизмының шапқыншылық тарихына дұрыс мәміледе болуды қатаң талап етті.