Жапон халқы әлемдегі 4 елдің әскерінен қауіптенеді
Жапон халқы әлемдегі 4 елдің әскерінен қауіптенеді
7 жыл бұрын 5808

Жапония тұрғындары соғыс қаупін төндіретін елдерді атады. Олар – КХДР, АҚШ, Ресей және Қытай. Бұл туралы Жапония мен АҚШ-та
Gallup әлеуметтік қызметі жүргізген сауалнама нәтижесін жариялаған Yomiuri газеті мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап. 

"Жапонияға қай ел немесе аймақ соғыс қаупін төндіруі мүмкін" деген сауалға респонденттердің 83%-ы – КХДР, 67%-ы – Қытай, ал 50%-ы – Ресей деп жауап берген. Төртінші орынға 31%-бен АҚШ жайғасса, сауалнама қатысушыларының 30%-ы Оңтүстік Кореядан қауіптенетінін атап өткен.
АҚШ тұрғындарының да 82%-ы жапондар секілді КХДР-дан қауіптенетінін мәлімдеген. Америкалықтар үшін екінші орында – Таяу Шығыс елдері тұр (63%). Ал үшінші орында – Ресей Федерациясы (55%). Бұл тізімде Қытай 4-орынға жайғасты (51%).

Сауалнамаға қатысушылардың көбісі Корей түбегіндегі жағдайға қатты алаңдаушылық танытқан. Респонденттердің 87%-ы Пхеньянның ядролық сынақтарынан қауіптенеді.

«Дүниежүзілік қауымдастық КХДР-дың ядролық сынақтары мен зымыран ұшыруын қалай тоқтата алады?» деген сұраққа жапондардың 52%-ы қысым көрсету, ал 40%-ы диалог жүргізу керек деп көрсеткен. АҚШ-та бұл көрсеткіш 56% және 37%-ды құрайды.

0 пікір
Мұрағат