Жапон гуманизіміндегі таяқтың екі ұшы...
Жапон гуманизіміндегі таяқтың екі ұшы...
5 жыл бұрын 3218 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінде тастандыларды қабылдап алу арқылы танымал болған «Дзикэй» емханасы оң жақта отырып, бала көтеріп қалған әйелдердің босануына мүмкіндік беретін бағдарламаны жүзеге асыруға ниетті. Әлбетте, аяғы ауырлап қалған әйелдің аты-жөні құпия ұсталады. Осылайша оларды тамыр-таныстары мен туыстарына, дос-жарандарына көзтүрткі болып, қоғам тарапынан қысым көруден сақтайды. Жапонияның оңтүстік-шығысында орын тепкен Кумамото қаласындағы аталмыш медициналық мекеме мұндай қадамға не үшін барып отыр. Қоқысқа, көшеге тасталатын тастанды шараналарды аман алып қалу мақсатында осындай қадамға барып отыр. Бұдан бөлек, аталмыш емхана директоры Хасуда Такэси қала басшылығымен жалғызбасты әйелдерге қолдау көрсету туралы нақты бір келісімге келмегендіктен де осындай шешім қабылдауға тура келгенін жеткізді. Бұл жайында жапондардың Jiji Press ақпарат көзі хабар таратты.  Бұл бағдарлама бойынша босанғысы келетіндер аты-жөнін емхана басшылығына ғана айта алады. Олардың аты-жөні жазылған құжаттар мөрленіп, өзге орында құпия сақталатын болады. Жүкті болып қалған әйелдер аталған емханада медициналық тексеруден өте алады. Лақап атпен. Олардың шығынын емхананың өзі көтеріп алады. Баланың тегі туралы ақпарат бала белгілі бір жасқа жеткенше құпия сақталады. Бала анасының аты-жөнін білгісі келгенде ғана баланың өзіне анасының аты-жөні айтылатын болады.

Таяқтың екі ұшы бар, мұндай бағдарламадан құлағдар болғандар әрі бағдарламаны арқа тұтқандар зинаға ойланбай бармасына кім кепілдік бере алады. Осылайша тастандылардың қарасы артады. Екінші жағынан, жарық дүниеге келмей жатып суішкілігі таусылатын тастандылардың қарасы азаяды. Бұл бағдарлама сонысымен бағалы.

Хасуда Такэси

0 пікір
Мұрағат