Жануарларға қатыгездікпен қарайтындарды жазалауға шақырды
Жануарларға қатыгездікпен қарайтындарды жазалауға шақырды
10 жыл бұрын 3279

Сауд Арабиясы әйелдерінің кеңесі болып табылатын Шура мүшелері жануарларға қатыгездікпен қарайтындарды (орынсыз себеппен өлтіргендерді, жарымжан еткендерді, азаптағандарды, т.б.) жазаға тартуды ұсынды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Бірыңғай ақ жаулықтылардан тұратын Шура мүшелері бұл мәселені әлеуметтік желіге орналастырылған видеодағы жануарларға қатысты тіксіндіретін көріністен кейін көтерген болатын. Нақтырақ айтқанда, аталған видеода әл-Жүф аймағындағы әлдебір ер адам итті қағып кеткенімен қоймай, оның үстінен иттің өлгеніне көз жеткізгенше бірнеше рет басып-жаншып өткені көрсетілген. Осы мәселе бойынша Су ресурсы, ауыл шаруашлығы және экология комитеті ұсынған екі тақырыпта баяндама оқылып, талқыға салынды. Аталмыш комитеттің төрағасы Әлі ат-Тиһаис өз баяндамасында Шураны жануарларға қатыгездікпен қарағандардың аты-жөнін жариялау және оларға құқық қорғау органы тарапынан санкция салу шараларын мақұлдауға үндеді.

0 пікір
Мұрағат