Жануарларды азаптағандар енді заң алдында жауап береді
Жануарларды азаптағандар енді заң алдында жауап береді
7 жыл бұрын 3858 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы жануарларды азаптағандарға қолданылатын жазаны күшейту қарастырылған түзетуді Қылмыстық кодекске енгізетін болды. Аталмыш заң жобасында қарастырылғандай, бұзақылықпен немесе басқа мақсатта жануарларды қорлап, азаптағандар жауапкершілікке тартылады. Егер азаптау нәтижесінде өлсе немесе мертіксе, кінәлі адам 80 мың рублге дейін айыппұл төлейді, оны төлей алмаса, 360 сағат ақысыз жұмысқа жегіледі яболмаса алты айдан үш жылға дейін абақтыға жабылады. Топтанып кәмелет жасына толмағандардың көзінше және жұртқа жария етіп садистік әдіспен жануарды қинап, оны таспаға тартып алып, артынан әлеуметтік желіге салғандарға 100 мың рублден 300 мың рублге дейін айыппұл арқалайды немесе бес жылға дейін мәжбүрлеу арқылы жұмысқа жегіледі я болмаса 3 жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, аса сирек кездесетін, қызыл кітапқа енгізілген жабайы жануарларды және суда тіршілік ететін биологиялық ресурсты заңсыз аулағандар, асырағандар, сатып алғандар, сақтағандар, тасымалдағандар, біреуге жөнелткендер, сатқандар 2 млн рублге дейін айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда, заң діни іс-шара мақсатында, мәселен, құрбан шалушыларға, аң аулаушыларға қатысты емес. 

0 пікір
Мұрағат