Жануарларды адаммен "теңестіретін" заң қабылданды
Жануарларды адаммен "теңестіретін" заң қабылданды
6 жыл бұрын 4025 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландияда адам кесірінен құрып бара жатқан жануарлардың популяциясын сақтап қалу үшін хайуандарды адамға тән саналы тіршілік иесі санатына жатқызатын заң қабылданды. Яғни, Жаңа Зеландия билігі жануарлардың құқығын қорғау мақсатында - қоғамдық санаға әсер ету үшін осындай қадамға барды. (Animal Welfare Bill) жануарларды қорғау ұйымының пайдасына қабылданған заң жобасында жануарларға қатыгездік жасағандар мен тәжірибе жүргізгендер жауапкершілікке тартылып, жазаға тартылады. Сондай-ақ, кез келген жабайы аңды аулау заңсыздыққа жатады. «Жануарларды ақылды деп тану – олардың да жағымды немесе жағымсыз эмоцияны бастан кешіретінін, соның ішінде, ауру мен азапты сезінетінін мойындау болып табылады»,- деді жануарлар этикасы жөніндегі ұлттық кеңес комитетінің жетекшісі Вирджиния Уильямс. Осылай деген ол аталмыш заңның қабылдануын жануарларды қорғау бағытындағы жасалған маңызды қадамдардың біріне жатқызатынын жеткізді. «Заң жобасы қоғамдағы жануарлардың мәртебесіне қатысты өзгерістерді заңға сәйкестендіреді»,- деді осы мәселеге қатысты ойын жеткізген Жаңа Зеландияның ветеринарлық қауымдастығының президенті Стив Мерчант.

0 пікір
Мұрағат